©
Кездесу Маңғыстауда өтіп жатқан Халықаралық Жастар форумы аясында ұйымдастырылды.
Ш. Есенов атындағы КМТжИУ студенттері шетелдік спикерлердің дәрісіне қатысып, тың тақырыптар төңірегінде әңгімелесті.
Кездесу барысында Сингапурден келген Лервен Лиу кәсіпті дамыту, нанотехнологиялар, инвестиция т.б. тақырыптарда дәріс оқыды.
Жастарға қалай қоғамдық кәсіппен айналысуға, оны қалай нәтижелі қылуға болатынын үйретемін деген сингапурлық профессор Лервен Лиу дәрісі көпшілікті қызықтырды. -Пластикалық қалташалар, бөтелкелер мұнай-газ, өндіріс қалдықтарынан жасалады. Бүгінгі таңда біздің ғаламшарымыз ластанған. Лас қалдықтардың көп бөлігін пластик өнімдер құрайды. Соның салдарынан жануарлар өлімі де көбейген. Әсіресе, Азия бөлігінде, Индонезия, Үндістан, Қытай т.б. елдерде. Жалпы Азияда 4 миллиард халық тұрады. Олардың әрқайсысынан күніне қанша пластик қалдық қалады? Оны елестету мүмкін емес. Сондықтан біз осының алдын алу, қалдықтарды қайтадан кәдеге жарату бағытында жұмыс істейтін боламыз, - дейді Лервен.Сондай-ақ, Англиядан келген Давид Энтони Керби және Хэмиш Мак Рай бизнес әкімшілігі, кәсіпкерлік төңірегіндегі кеңестерімен бөлісті.
-Біздің қаламызда халықаралық жастар форумы өтіп жатқаны белгілі. Бұл спикерлер сол форумға дәріс беруге келген. Біз сол мүмкіндікті пайдаланып, университетімізге шақырып, білімгерлерімізбен кездесу ұйымдастырып жатырмыз. Себебі мұндай жоғары деңгейдегі профессорлармен, академиктермен кездесу, дәріс алу кез келген уақытта қол жете бермейтін дүние, - дейді Ш. Есенов атындағы КМТжИУ оқытушылары.
Еркін форматта өткен жиында жастар дәріскерлермен пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="36380,36381,36382,36383,36384,36385,36386,36387,36388,36389"]