ұшақ самолет

«Эйр Астана» әуе компаниясының  Алматыдан Ақтауға қатынайтын КС 884 рейсін орындаған «Airbus A321» ұшағына рейсті орындау барысында әуеде құстар соғылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ӘК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«30 шілде күні «Эйр Астана» әуе компаниясының  Алматыдан Ақтауға қатынайтын КС 884 рейсін орындаған «Airbus A321» ұшағына рейсті орындау барысында әуеде құстар соғылған. Ұшақ Алматыдан сағат 22:25-те ұшып шыққан. Қауіпсіздікті ойлаған экипаж әуе кемесін қайтадан Алматы әуежайына қондыру туралы шешім қабылдайды. Сөйтәп ұшақ 23-40-та Алматы әуежайына келіп қонды. Әуе компаниясының инженерлері ұшақты тексеріп шығып, оның қатты зақымданбағанын, ұшуға жарамды екенін анықтады. Осыдан кейін, ұшақ 00:55-те қайтадан рейсті орындауға әуежайдан ұшып шықты».

Әуе компаниясы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ұшақтарға құстарды соғылуы өте қауіпті. 2017 жылдың басынан бері Алматы әуежайында ұшақтарға 7 рет құстардың соғылу оқиғасы тіркелген. Соның бірінде ұшақ зақымданған. «2016 жылы әуежайларда 59 рет құстардың ұшаққа соғылған оқиғасы тіркелді. Соның 10-ында ұшақ зақымданды», делінген хабарламада.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз