Белгілері:

  • Әлсіздікті сезіну
  • Іштегі жайсыздық
  • Құсу, лоқсу сезімдері
  • Бұл симптомда бет түсінің ақшылдануы, терлеу, жүрек қағысы мен сілекей бөлінудің көбеюі орын алады.

Құсу мен жүрек айну көп жағдайда аз уақытқа созылады. Ал егер ұзаққа созылып, асқынып жатса міндетті түрде дәрігерге көрінген жөн.

Себептері:

Құсу – тамақ қорыту барысындағы қажетті емес нәрселерді тез сыртқа шығару әдісі.

Бұл процесс іште болып жатса да, шын мәнінде мидың бір бөлігінің жұмысының нәтижесі.

Жүрек айну мен құсудың себептері көп: жай белгілермен басталып адам өміріне қауіп төндіретіндей жағдайға да әкелуі мүмкін.

Сақталу мерзімі өтіп кеткен тамақты немесе суды пайдалану, тамақтан улану(гастроэнтерит).

Жүктіліктің алғашқы кезеңінде 90% әйелдер шалдығатын таксикоз (жүктілік кезеңіндегі жүрек айну)

Химиятерапия, сәуле арқылы емдеу терапиясы, кейбір антибиотиктер мен дәрілерді ішуде қосымша емделу салдарынан пайда болатын жүрек айнулар.

Алкоголь, никотин, әр түрлі улы химикаттарды араластыруда улы заттардың әрекеттесуі негізінде пайда болуы.

Диабет кезінде қанттың ауытқуы.

Өт қабы мен бауырда тас болуы, ауыруы, дұрыс қызметтерін атқармауы.

Асқазан жарасы мен қыжыл.

Бүйрек аурулары.

Бас ауруы мен бас сақинасы.

Стресс.

Табиғи терапия:

Жүрек айну мен құсудың байқалуы мен тәбеттің азаюы кезінде шерменгүл (горечавка), бақбақ(одуванчик)  тамыры, тобылғы (таволга), бөрікгүл (артишок).

Егер жүрек айнудың себептері бауыр мен өт қабының дұрыс қызмет істемеуімен байланысты болса, бөрікгүл мен бақбақ тамырын пайдаланған жөн. Бұл бауырдың дұрыс қызметін, майлардың ажырауын қамтамасыз етеді. Құсу симптомдарын жеңілдетуде, іштің кебуі мен іш ауруларын басуда бұл шөптердің маңызы зор.

Алғашқы көмек

Қатты және созылмалы жүрек айнулар мен құсуларда дәрігерге міндетті түрде хабарласқаныңыз жөн. Біз сізге бұның жеңіл кезеңінде көрсетілетін көмектерді ұсынамыз:

Жүрек айну мен құсу басылғанша демала тұру;

Құсу кезеңінде көп мөлшерде сұйықтық (су) қабылдау, өзіңізді жақсы сезінбегенше қатты тамақтан бас тарту. Егер су іше алмасаңыз, мұз бөліктерін пайдаланыңыз.

Дәріханалардан электролит алсаңыз, сусызданудан сақтайды, бұл, әсіресе, балалар үшін өте тиімді.

Егер сіз тамақтанатындай уақыт болғанын сезінсеңіз (негізінде құсудан кейін 6 сағаттай өтуі қажет), жеңіл тамақтардан бастап жесеңіз болады. Ауыр, майлы және де ащы тамақтардан сақтаныңыз.

Құсу, лоқсу кезінде кейбір адамдар қатты иістерді тез сезгіш болады. Бұл жүктілік кезінде қиын болуы мүмкін.

Назар аударыңыз!

  • Ересек адамдарда құсу, лоқсу процестері 24 сағаттан ұзақ созылса және де ауыр белгілермен өтсе;
  • Жаңа туған нәрестелер мен балаларда және егде жастағы адамдарда, созылмалы ауруы бар адамдарда бұл процесс тез аяқталмаса

Дәрігерге тезірек қаралғаны жөн!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз