Редакция телефондары:
+7 (7292) 20 48 34
Почта: hat@mangystaumedia.kz;
pr@ogni.kz (жарнама үшін)

Басты бет анонс 1 желтоқсан күні Ақтауда қандай мерекелік шаралар өтеді?

1 желтоқсан күні Ақтауда қандай мерекелік шаралар өтеді?

63
Актау Ақтау қаласы
1 желтоқсан күні облыс орталығында өтетін мерекелік бағдарлама туралы Ақтау қаласының әкімдігі фейсбук парақшасында жариялады, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
1 желтоқсан, сағат 10.00: Қарттар үйінде мерекелік қайырымдылық шарасы:

өнерпаздар концерті; сыйлық тарату; шахмат, шашка турнирі; шаш қию, тырнақ әрлеу, т.б. сәндік шаралары.

1 желтоқсан, сағат 10.00: №5 орта мектеп спорт залында волейболдан жасөспірімдер арасында Ақтау қалалық ашық жарысы.

1 желтоқсан Жастар үйі ғимаратында «Нұр Отан» партиясының ардагері, Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Е.Іңірбайұлының қала жастарымен кездесуі.

1 желтоқсан, сағат 14.00: «Ақтау», ​«AK KALA MALL», «Маңғыстау» Қала аумағындағы сауда орталықтарында мерекелік концерттер.

1 желтоқсан, сағат 15.00: Абай атындағы МДК-інде Тұңғыш Президент күніне арналған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты меркелік бағдарлама.