Сурет inform.kz алынған

ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Саттар Фазылұлы Мәжитов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды», — делінген Өкімде.

Саттар Мәжитов Фазылұлы 1964 жылы 15 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыды. Мамандығы: тарихшы, тарих және қоғамтану оқытушысы.

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында, республикалық білім беруді ақпараттандыру орталығында тарихи бағдарламалар бойынша жұмыс істеді. Қазақстан бойынша ЮНЕСКО комиссиясының мүшесі.

Сондай-ақ, «Мемлекет басшысының Өкімімен Александр Юрьевич Тараков Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды», — делінген Өкімде.