ауған соғысының ардагерлері augan soqys ardagerleri

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 30 жыл толды. Сол армияның қатарында осы соғысқа Қазақстаннан қатысқан 22 мың адамның 900-ден астамы жат елде қаза тапқан еді.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың ауған соғысы туралы: «Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» — деген ойлы сөзі бар.

Талай жанның қабырғасын қайыстырған ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толуына орай Маңғыстау аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен «Ардақты ауғандық ардагерлер…» тақырыбымен патриоттық шара өтті. Оқушыларға ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу.

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Шараға ауған соғысының ардагерлері Орынғали Сарқұлов, Амангелді Ермуханов, Қайырғали Кенжебаев және марқұм, ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан, «Қызыл жұлдыз» иегері Қуат Бектуровтың туысы Теңізбай Бектуров қатысты.

Кездесуде ауған соғысының ардагерлері өз естеліктері мен соғыс кезіндегі жолдастары мен қаруластары жайында да жантүршігерлік оқиғаларын айтып өтті. Оқушы жастар ардагерлерге өз сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Кездесуде сөз алған Қайырғали Кенжебаев «Осыдан тура отыз жыл бұрын, 1981 – 1983 жылы желтоқсанның 25-күні Кеңес армиясының қатарына шақырылып, екі күннен соң Ауғанстан жеріндегі оқ пен оттың ортасынан бір-ақ шықтым. Менің жастық шағымда көрген оқиғалармен қанды күндер әсіресе, Қуат Бектұровтың көзсіз ерлігі әлі күнге дейін есімнен кетпейді. Ол бір өзі колоннада жүк көлігімен душмандар арасында қалып қойып, атысып, ақыры ерлікпен қаза тапты. Оның есімі менің жүрегімде мәңгі қалды», — деп, әсерлі әңгімесімен бөлісті, жастарды елін, жерін қорғауға шақырды.

Өз тілшіміз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз