мұнайлы ауданы мәңгілік ел munaily audany mangilik el

Маңғыстауда облысындағы өлкемен аттас бір аудан мен бірнеше ауылдың бар екендігі, олардың атауын өзгерту туралы мәселе бұған дейін бірнеше рет көтерілген еді. Осы мәселе шешімін тауып, Мұнайлы ауданындағы «Маңғыстау» атты 5 ауылдың атауы өзгерді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ауылдардың атауы Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының шешімімен ауылдарға төмендегідей атаулар берілген:
Маңғыстау 1 – Ақ еспе;
Маңғыстау 2 – Бозжыра;
Маңғыстау 3 – Айрақты;
Маңғыстау 4 – Шерқала;
Маңғыстау 5 – Бесшоқы.

Естеріңізге сала кетейік, ауылдардың атауының қайталанатыны Маңғыстау облысы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуінде де көтеріліп, Мұнайлыдағы Маңғыстау-1,2,3,4,5 ауылдарының атауын өзгертіп, белгілі тұлғалардың атын беруді ұсынған еді. Сол кезде Мұнайлы ауданының әкімі қызметін атқарған Н. Тәжібаев онамастика комисииясына «Ақеспе», «Бозжыра» секілді жер-су атаулары ұсынылғанын айтқан болатын.

Камшат ОҢҒАЛТАЙ,

Сурет сайттың архивінен

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз