Адамзат тарихындағы ұлы тұлғалар: пайғамбарлар мен данышпандар, жазушылар мен батырлар, әртүрлі өнердің ұшар биігінде өмір сүрген интеллектуалды, кемелденген аз ғана шоғыр булығу уақытында дүниеге келді.

Азғындық пайғамбарларды, қиянат пен көз жасы батыр­ баһадүрлерді, сауатсыздық ақын­ жазушыларды тудырды. Президенттің «Ақ пен қара – бір­-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді» деуі де осыған нұсқаса керек. Демек адамзат прогресінің түп негізі – мұқтаждық. Бұл – мұқтаждық адамзат баласын хайуандық дәре­ жеге түсірмей тұрған ұлы құндылық. Мұқтаждық ешқашан да жойылған емес. Керісінше осы мұқтаждық арқасында ұлы идеялар ұлы дала төсінде бірінен соң бірі туып отырды. Уақыт кеңістікке шеру тартты.

«Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» жалпыұлттық бағдарлама­лық мақаласының жалғасы ретінде жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты Президент мақаласы қыр үстінде көк сүңгісін көлденең ұстап, атамекенді қанаттының қа­ғуынан, тұмсықтының шоқуынан қорғап өткен ата­-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының жаңғы­руына мүмкіндік береді деп есептеуге толық негіз бар.

Жеті санының қазақ халқы үшін үлкен символикалық мәні бар екені белгілі. Жердің өл­шеуіші, аспанның тіреуі, тастың тамыры, тасбақаның талағы, жара­тушының туысы, аққудың сүті мен жылқының өті жоқтығын жаттап өскен бізге жеті саны өз филосо­фиялық негізін кейін келе жеті жұт, жеті ата, жеті қат көк, жеті шәріп, жеті амал, жеті қазына, жеті күнімен толықтыра түсті. Мұның барлығы да – өскелең қазақ ұрпағының бо­йынан табылуға тиіс ұлы құндылық­тардың бір парасы. Бұл тізімді әл­бетте мұнан әрмен толықтыруға болады. Өткенге құрмет, тамы­рыңды тану, түптеп келгенде рухани азық ешқашан да аз болмақ емес. Осынау «жетілер» қатарына түркі жұртының, оның ішінде қазақ халқының әлемге жасаған ықпалы мен адамзат дамуына қосқан үлес­терін санамалайтын Президенттің «…жеті қырын» да жатқызуымыз керек.

Иә, түркілер жылқыны алғаш қолға үйреткен халық ретінде адамзат баласына соның құрамдас компоненттері іспетті шалбар киюді, ат үстінде садақ тартуды, сауыт киюді, ер­тұрман мен үзеңгіні ойлап тапқандығы айтылып та, жазылып та жүр. Алайда бұл мақаланың ең ұтымды тұсы, ұр­паққа керекті тұсы әсте аң стилін, алтын адамды, жібек жолын не алма мен қызғалдақты мадақтауда емес. Бұл тұс осыған дейін тарихи сананы жаңғыртудағы көтерілген мәселелерді бірнеше ірі жобалар арқылы іске асыру. Президент өз мақаласында еліміздің тарих жыл­намасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мә­дени мұра» бағдарламасының сәтті іске асқандығын айтып өтеді. Расымен де аз уақыт ішінде жарық көріп, көпшілік оқырман қауымның кең қолдануына мүмкіндік берген «Қа­зақтың мың әні», «Қазақтың мың күйі», 100 том «Бабалар сөзі», 100 том «Әлем әдебиеті кітапханасы», Сырым Датұлы көтерілісінен Жел­тоқсан көтерілісіне дейінгі оқиғалардың шежіресін қамтыған 21 том «Қазақ ұлт­азаттық қозғалысы» сериялары, 20 том «Әлемдік мәде­ниеттану ой­санасы» мен «Әлемдік философиялық мұра» кітаптары тарихты тануға, әлем мәдениеті мен әдебиетіне көзімізді кеңірек жіберуімізге сеп болды. «Ұлы дала­ның  жеті  қыры» мақаласындағы «Архив–2025» жобасы да дәл осы бағыт пен ұстында қызмет қылса, ұтарымыз көп. Әр мемлекеттің мұ­рағаттарында жатқан жылнама­лардағы қазақ тарихы туралы деректемелер өз тілімізде көрініс тауып, ғылыми айналымға енсе, нұр үстіне нұр. Ұлт тарихын санаға сіңірудің бастапқы баспалдақтары да осы.

«Ұлы даланың ұлы есімдері» аталатын тақырыпшада көтерілетін мәселе де – кезек күттірмейтін іс. Бұл іс алдымен әл­-Фараби, Яссауи, Қорқыт, Абай, Шәкәрім шығарма­ларын әлемдік әдебиет нарығына сапалы аударма арқылы қосу ісінен басталуға тиіс. «Абайды әлем таниды» дейтін жалаң ұрандарымыз­дың туы жығылып, қабырғасы сөгіліп тынды. Әлемнің түкпір-­түкпі­рінде оқитын, қызмет қылатын интеллектуалды жастар сол тілдердегі Абай аудармаларының сонша­лықты сапасыз аударылғандығын айтып келеді. Демек, «Ұлы дала тұлғалары» сериясын әлемге алдымен өмірбаяндық галерея ар­қылы емес, туындылар арқылы танытуға тиіспіз ғой деп ойлаймыз. Себебі өткен мыңжылдықтар қой­науында әлемге ықпал ете алған өркениетті ұлттың мәдени, әдеби тұрғыдан да санаға сәуле түсі­рерлік, адамзатты рухани кемелдендірерлік байлығы бар екендігін көрсетуіміз керек. Бұл тұста Елба­сы сөзіндегідей: «Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес сим­волдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр».

Қорыта айтқанда, жоғарыда айтылған Елбасы бастамалары да, түркі халқын ортақтастыруға бағытталған «Түркі өркениеті: түп­-тамырынан қазіргі заманға дейін» жобасы да, «Бабалар сөзі» көптом­дықтарының  жалғасы  іспетті. «Да­ла фольклорының антологиясы» да, «Қазақтың мың күйі», «Қазақ­тың мың әні» серияларының жал­ғасы іспетті. «Ұлы даланың көне сарындары» жинағы да – халыққа рухани азық, болашаққа үзілмес үміт, дәт­-қуат сыйлайтын жобалар.

Бізді аса қуантқаны -­ осындай ірі жалпыұлттық жобаларға тек қазақстандық зерттеуші­ғалым мамандарды ғана емес, Елбасының шетелдік әйгілі ғалымдарды да шақыруға үндеуі. Шартарапқа та­нытуға тырысу үшін қызмет қылуға шақыруы. Олай дейтініміз, «Тарих­тың кино өнері мен телевизия­дағы көрінісі» тақырыпшасында Президент халық тарихын көр­сететін фильмдерді көбірек шы­ғаруға, түсіруге тапсырма берді. Бұл тапсырманың ресми һәм бейресми түрде «Қазақфильм» киностудиясы мен «Қазақстан» ұлттық арнасының тарапынан орындалып жатқандығына біршама уақыттар болды. «Құнанбай», «Жаужүрек мың бала», «Аманат», «Алмас қы­лыш», «Біржан сал», «Тар заман», «Әміре» фильмдері – осы сөзі­міздің дәлелі. Алайда бұл көрсе­ тілімдер айналдырған қазақ жұр­тының өзін қамти алмай отыр, жыртығын жамауға әл­-қауқары жетпей отыр. Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген, түркі тарихынан сыр шертетін «Ертұғрыл» сынды телехикая түсіре алмай келеміз. Осы тұста кино өнеріндегі һәм кино сауда нарығындағы тәжірибелі мамандар­дың керектігі көзге оттай басылады.

Біздің әзірге айтпағымыз осы.

Еділбек ДҮЙСЕН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз