Маңғыстау ауданында 1-желтоқсан тұңғыш Президент  күніне орай түрлі шаралар өтуде. Соның бірі Маңғыстау техникалық колледжінде Н.Назарбаевтың өмір жолынан түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмі көрсетілді.

Жастарды Елбасының үлгі боларлық өмір жолымен таныстырып, бала Нұрсұлтаннан Елбасы дәре­жесіне дейінгі өмір кезеңдерінен сыр шерткен фильм көпшіліктің көңілінен шықты.

Сондай­-ақ, колледж студенттері Елбасы Н.Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» кітабындағы даналық сөздерінен латын әліпбиінде диктант жазды. Жастар арасында латын әліпбиін насихаттау, жаңа әліпбиде жазуға машықтандыруды мақсат еткен шараға жастар көптеп атсалысты. Студенттердің көбі дерлік латын әріптеріне қолдары жаттығып қалғандығын көрсетті. Аз ғана уақыттың ішінде алғырлық танытып, шарада белсенділік көрсеткен жастардың көбі жақсы деген баға алып шықты.

Тағы оқыңыздар: Ақшұқыр ауылы: кешесі мен бүгіні

Сонымен қатар латын әліпбиінде диктант жазу шарасы орталық кітапханада да жалғасын тапты. Оқырман за­лына жиналған жастар мен жас мамандардың латынша жазуға икемі көңіл қуанарлықтай дәрежеде болды. Әліпбидегі әріптерді «әп» дегенде үйреніп алған олардың жұмысы ұйымдастырушылардың көңілінен шықты.

Өз тілшіміз