Фестиваль 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылып отыр. Мақсаты – мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің шығармашылық әлеуетін көрсету, талантты, дарынды балаларды қолдау, ынталандыру.

Шараға Маңғыстау облыстық, аудандық, қалалық білім бөлімі, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы өкілдері, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері, ата-аналар, балабақша тәрбиеленушілері бой көрсетті.

— Жыл сайын Маңғыстау облыстық білім бөлімінің қолдауымен «Жауқазын» балалар шығармашылығы фестивалі өтеді. Балаларды қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылатын шараның алдымен аудан, қалаларда іріктеу турлары өтеді. Соның ішінен ең талантты деген балалар таңдалынып, облыстық кезеңге жолдама алады. Олар ән, би, көркемсөз оқу, сурет салу, қолөнер  сайыстары бойынша өнерлерін ортаға салады. Ең таңдаулы деген суреттер мен қолөнер бұйымдарының көрмесі де өтеді. Мұндай шаралар балалардың басын қосуға, достыққа тәрбиелейді, — дейді облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығы директорының м.а. Сұлу Жайбергенқызы.

Биылғы шараға 1000-ға жуық бала қатысып, оның үздік деген 150-і облыстық кезеңде өнер көрсетті. Қатысушы әрбір бүлдіршінге мерекелік сыйлықтар табысталды.

Фестивальге келгендер қатысушы балалардың туындыларынан ұйымдастырылған «Біз – Қазақстан» балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты көрмені тамашалады.

Биылғы фестивальге Ақтау қаласынан және Бейнеу ауданынан ең көп қатысушы (21 бала) келген. Аудан, қалалардағы бөбекжай тәрбиеленушілерін облыстық фестивальге әкелу барысында барлық қауіпсіздік шаралары сақталған.

Шара соңында қатысушылар, ата-аналар мен жетекшілері естелік суретке түсіп, арқа-жарқа болып тарасты.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

Суреттерді түсірген автор

«Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтті «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтті «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтті «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтті «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтті «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтті «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтті «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтті «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтті «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтті «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтті «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтті «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтті

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз