Бүгін Маңғыстауда «Рухани құндылықты сақтау – өркендеудің негізі» атты тақырыпта Батыс өңірлік семинар өтті, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Негізгі мақсат – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, сот жүйесін модернизациялау, Президенттің Жолдауында қойылған міндеттерді орындау шеңберінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Сот актілерінің сапасын арттыру, бітімгершілік рәсімдерін насихаттау.

Маңғыстауда сот актілерінің сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев, Маңғыстау облысының прокуроры Ерлан Абаев және Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облысының судьялары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сот жүйесінің ардагерлері, Билер кеңесінің мүшелері қатысты. Семинарда Ержан Даулиев мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, сот актлерінің сапасын арттыру қажет екендігін атап айтты.

Маңғыстауда сот актілерінің сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Ал Билер кеңесінің төрағасы Марат Молдағұлов сот жүйесінің дамуындағы билер кеңесінің маңызы мен рөліне тоқталды. Сондай-ақ өз ұсыныстарын жеткізді. Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасының айтуынша, Маңғыстау облысы соттарында барлық құжат айналымының 90 пайызы мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Семинар соңында басқа өңірден келген судьялар сөз сөйлеп, сот ісін жүргізу және медиацияны дамыту жолында бірнеше ұсыныс, пікірлерін айтты.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН