Көрнекі сурет

Бұл туралы «Вагонсервис» АҚ Маңғыстау телімінің басшысы Нұржан Джубанисов хабарлады.

«Маңғыстау-Бейнеу» бағыты бойынша жүретін қосымша пойыздар кеше, 28 қараша күні Бейнеу стансасына бет алды.

Пойыз құрамында 3 плацкарт, 1 купе вагоны бар. 205 нөмірлі «Маңғыстау-Бейнеу» бағытында жергілікті уақытпен 21:50-де жүреді, жолда жүру уақыты 8 сағат 15 минут. Ал 206 нөмірлі «Бейнеу-Маңғыстау» бағытында жергілікті уақытпен 19:30-да жүреді, жолда жүру уақыты 8 сағат 40 минут.

Бұрын хабарлағанымыздай, Маңғыстаудан шығатын пойыздар 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін жұп күндері, ал Бейнеуден 29 қарашадан бастап 2020 жылдың 7 қаңтарына дейін тақ күндері жүреді.

Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ

Оқи отырыңыз: Жаңаөзен клиникаларында оң өзгерістер көп