Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты elbasy.kz сілтеме жасап.

Ресми қарсы алу рәсімінен кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев өзара кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Өзбекстан Президенті Орталық Азия елдері арасындағы қазіргі жағдай мен ынтымақтастықты кеңейтудің перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, тараптар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер туралы пікір алмасты.