жаңа тігін цехы

Ақшұқыр ауылында 1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында жаңа тігін цехы жұмысын бастады, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа тігін цехының лентасын ардагер тігінші Түйешова Жидеш және ақшұқырлық оқу озаты кесті. Ақшұқырлық кәсіпкер Багитжан Майра басқаратын «Rakhim baby» тігін цехы 17 адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның барлығы да ақшұқырлық жұмыссыз жандар. Оларды арнайы курстар мен оқудан өткізіп, шеберлігін шыңдаған Майра бүгінде тапсырысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан алып отырғанын айтады.

Маңғыстаулық отбасыларға сәбилерінің жөргегі мен киім-кешектерін қолжетімді бағада ұсынып, облыс аумағын толықтай қамтып отырған отандық өнім иесі өз кәсібінің ашылуына қол ұшын берген Түпқараған ауданы әкімдігі мен Түпқараған аудандық кәсіпкерлер палатасына алғысын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Түпқарағанда «Татуласу орталығы» ашылды