Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыртуымен Ташкентке келді. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасына жазды.  

«Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Ташкентке Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуіне қатысу үшін келді. Әуежайда Н.Назарбаевты Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Әріпов қарсы алды» деп жазды А.Үкібай.

Оқи отырыңыз: 10 айда жедел жәрдем 233 мыңнан аса шақыртуға қызмет көрсеткен