1 қараша мен 31 желтоқсан аралығында Хоум Кредит Банкі күн сайын Египет еліне саяхаттауға екі адамға билет ойнатады. Акцияға қатысу үшін клиент алдымен бөліп төлеуге несие алу керек, несие картасын ашу қажет немесе мобильді банк пайдаланушысы болып, сәттілікті күтуі тиіс. Жалпы бұл акция бойынша саяхаттауға 80 жолдама беріледі екен.

Айта кетейік, тағы екі билет инстаграм әлеуметтік желісінде ойнатылатын болады. Қатысу үшін: @homecredit_kz парақшасына жазылып, сол жарияланымға ұнату белгісін басасыз. Одан соң сол жарияланымды өз парақшаңызда репост жасайсыз. Сондай-ақ #letisnamikz хэштег белігісін қойып, @homecredit_kz белгілейсіз.

Осылайша Египетке екі билетке ие болуға мүмкіндігіңіз бар. Қызыл теңізде жеті күн демалуға ұтысқа неге қатыспасқа? Пирамидалар, пальмалар, құм және ыстық теңіз. Қандай керемет екенін елестеттіңіз бе? Алматы-Египет-Алматы ұшақ билеттерін, бес жұлдызды қонақ үйді, барлық жағдайларды Хоум Кредит Банкі қарастырған.

Осы тұрғыда, Хоум Кредит Банкінен несие алып, Египетке екі адамға билет ұтып алған Ақтау қаласының тумасы Айсара Айтманмен сұхбаттасқан едік.

Хоум кредит банкі арқылы ұтысқа қатысыңыз

– Сәлеметсіз бе, Айсара ханым? Хоум Кредит Банкінің ұтысына қатысып, екі адамға жолдама ұтып алыпсыз, құттықтаймыз. Сізде ұтамын деген ой болды ма?

– Рақмет. Басында ешқандай ойым болған жоқ. Бұрын ешқашан лотерея дегендерді жеңіп көрген емеспін. Қанша ойындарға қатыссам да алғашқы жеңісім – осы. Жалпы Египетке деген ықыласым бұрыннан бар. Себебі өзім шығыстану факультетінде оқып жүргенде араб тілін меңгердім. Тілді үйреніп жүргенімде Египетке бір барсам деген ойым болған. Содан бері он шақты жыл болды. Арманым орындалып жатыр. Жеңіске жеткеніме сертификат берілгенше сенбедім. Екінің бірі қатыса алады. Лотерея дегендерге сенбейтіндерге айтарым, әділ екеніне көзімді жеткізіп отырмын.

– Айсара, жалпы бұған дейін несие алушы ма едіңіз?

— Иә, жалпы Хоум Кредит Банктен несие алып тұрамын. Бұл жолы несиені құрылыс метариалдарын алуға жұмсадым. Негізі несие алу ойымда болып тұрған жоқ еді. Бірақ бір неше құрылыс заттарын алатын болғандықтан қаражат қажет болды. Сондықтан 40 мың теңге несие алдым.

– Хоум Кредит Банкі туралы пікіріңіз?

– Хоум Кредит Банкі жақсы, өзіме ұнайды. Бұған дейінгі несиелерімді, атап айтқанда ұялы телефондарымды осы банк арқылы аламын.

– Неге дәл осы банкті таңдадыңыз?

– Менің ойымша, бұл банк ыңғайлы, тез рәсімделеді және кез келген мерзімге несие береді.

– Египеттегі бұл саяхатқа неше адам барғалы жатыр?

– Жалпы барлығы 160 адам болады дейді. Ол 31 желтоқсанға дейін жалғасын таппақ. Бұл ойын әр күн сайын ойнатылады. Мен ең бірінші жеңімпаздардың қатарындамын.

– Акция қай уақыт аралығында өтеді?

– Айта кетейін, акция қарашаның бірінен басталған, алда 31 желтоқсанға дейін мүмкіндіктеріңіз бар.

– Несие алып, ұтысқа қатысу үшін қалай тіркелдіңіз?

– Мен несие алып жатқан кезде Хоум Кредит Банкінің операторы Египетке саяхаттауға ұтыс ойнатылып жатыр, мынадай акция болып жатыр, қатысып көріңіз деді. Басында ешқандай қызығушылық болмады. Жарайды, қатыса салайын дедім.

– Енді, міне, жеңіске жеттіңіз, қолыңызда екі жолдамаңыз бар. Кіммен баруды жоспарлап отырсыз?

– Жолдасыммен немесе сіңліммен барамын деп жоспарлап отырмын. Бәрін уақыт көрсетеді. Араб тілін меңгергендіктен Египеттің тарихына да қанықтым, жалпы баруға және билетті ұтып алғаныма өте қуаныштымын. Армандар орындалады екен.

– Акцияға қатысу үшін не істеу керек?

– Несие аласың не болмаса депозит ашып қатысуға болады.

– Саяхаттауға кімдермен және қашан барасыздар?

– Демалысқа Хоум Кредит Банктің қызметкерлері, ұйымдастырушыларымен барамыз. Бұл банктің өздерінің қыдыртатын бағдарламалары бар екен. Алдымен Алматы қаласына барып, содан соң Египетке сол қаладан ұшамыз. Бұйыртса, 2019 жылдың ақпан айында жолға шығамыз.

– Өзіңіз немен айналысасыз, кім болып қызмет атқарасыз?

– Мен «Маңғыстау» телеарнасының «Каспий-ақпарат» жаңалықтар бөлімінің тілшісімін.

– Айсара, сұхбатыңызға көп рақмет, әсерлі демалыс болуына тілектеспін!

Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз