таңертең жаттығу

Маңғыстау облысы орталығындағы Достық үйінің алдында «Тұңғыш Президент» күні құрметіне «Тәуелсіз елдің салауатты ұрпақтары» атты мерекелік шара өтті. Оған жиналған Ақтау қаласының студенттерін Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығының басшысы  Гүлжан Исмурзина мерекемен құттықтап, игі тілегін жеткізді.

Дені сау жастар—еліміздің басты байлығы екенін айтқан ол жастарды күнде таңертең жаттығу жасап тұруға шақырды.

Спортшы қыз-жігіттер сапта тұрған жастарды әуен ырғағымен жаттығу жасауға жаттықтырды. Тез қимылдап, таңғы жаттығуды ұжымдасып жасаған жастар бойлары сергіп, ән тыңдап, би биледі.

  Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз