Отбасында — баланың бас ұстазы ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек», — деп халқымыз отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтағаны тегіннен тегін болмаса керек.

Жуырда  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  Шайыр селолық мәдениет үйінде еңбек ардагері Орынбай Жұмағалиев ақсақалдың ұрпақтары мен ауыл мәдениет қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен «Өнерлі отбасы» атты мерекелік шара өткізілді. Бұл шара, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамайтын, өнерге ден қойған отбасыларды қолдау, ата-ана мен бала арасындағы жақсы қарым-қатынасты нығайту, бірлігі жарасқан шаңырақтарды үлгі ету, қоғамда кеңінен насихаттау болатын.

Мерекелік кеште аудандық мәслихат хатшысы А.Сарбалаев ғибратты ғұмыр кешкен Орынбай ақсақалға «Адай» шежіресі кітабының топтамасын тарту етті. Өнерлі отбасының кішкентай балапандарынан бастап барлық жанұя мүшелері тамылжыта ән салып, мың бұрала би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Әсем ән мен күмбірлеген күй төгілген әсерлі кештен кейін ауыл тұрғындарына арналған ауыз ашар берілді.

Н.ЕСЕНОВА,
Шайыр мәдениет үйі қызметкері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз