кездесу

Жасыратыны жоқ, бір басшы баламызды немесе өзімізді жұмысқа қабылдаса, оны риза ету үшін сыйлық бергіміз келіп тұрады. Әлдебір құжаттарымызды жедел реттеп алуымызға жәрдемі тиген қызметкерді де, жақын адамымызды, не өзімізді емдеген дәрігерді де «сыйақымен» «марапаттауға» асығамыз. Оны балаларымыз да көріп, біліп отыр. Сөйтіп, өзіміз сыбайлас жемқорлыққа жол ашамыз да, кейін одан құтыла алмай, қоғамды парақорлығы үшін кінәлаймыз.

— Біз осындай шаруамызды заңды түрде тындырған кісіге шын жүректен рахмет айтып, «сыйлық» деп бүркемеленгенген пара беруді ұмытатын күнге жетуіміз керек,-деді Ауған соғысы ардагерлерінің Ақтау қалалық «Боевое братство» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Матжан Шаулиев мемлекеттік кірістер департаментінде өткен жиналыста.-Өткен жылы Елбасымыздың Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» күшіне енгені белгілі. Еліміздің басты стратегиялық құжаты мемлекеттің алдағы уақыттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендетіп, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім. Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға, оның баптарына тоқталған ол  басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылуы тиіс екендігін айтып, бұл шараның ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің тапсырысы аясында өтіп жатқанын жеткізді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі Х.Құспанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтар мен қолданылатын шаралар туралы әңгімеледі.

Тағы оқыңыздар: Оқулықты ата-ана сатып алуға міндетті емес

Мұнайлы аудандық «Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Айдос Муталиев пара алу мен берудің шариғат тұрғысынан да айыпталатынын діни дәлелдермен түсіндірді.

Кездесудің екінші бөлімі Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған және нашақорлық пен есірткіге тәуелді жастарды қоғамдық өмірге бейімдеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» туралы тапсырысы бойынша жастарды жат діни ағымдар жетегінде кетуден сақтандыру шараларына арналды. Ұйымдастырушылар бұл орайда тағлымды әңгіме өрбітіп, мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері өз сауалдарына тұшымды жауап алды.

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

АлдыңғыАуыл әкімінің кубогы кімге бұйырды?
КелесіСөйлей білу де шеберлік
Валентина Қозыбақова
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін, халықаралық телестудия мектебін бітірген. Түрікменстанда қазақ тілінде шығып тұрған «Жұмысшы» газетінде тілші, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, Маңғыстау облыстық телеарнасында радио-тележурналист, республикалық «Қазақстан Заман» газетінің Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. Маңғыстау облыстық «Маңғыстау» газетінің тілшісі.