Осы жылдың 25 мамырында №1 Жалпы білім беру орта мектебінің жаттығу залында балалар арасында «Мы одна команда » акциясы өткізілді. Оқушылардың жылдамдықтары ғана емес, өрт пен судағы қауіпсіздік мәселесіне қатысты білімдері де сынға түсті. 

Айта кету керек, бұл акцияны «Оқушы» орталығы Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы және Жедел құтқару жасағымен бірлесе отырып, ұйымдастырған болатын. Шараға «Чемпионы», «Молния», «Звездочка» атты 3 команда қатысты. 8 кезеңнен тұрған сайысқа  балалар ерекше қызығушылықпен қатысып, өзара спорттық жаттығулар сайысында сынға түсті. Сонымен қатар 5-6 эстафетада балалардың өрт қауіпсіздігі мен судағы қауіпсіздік шараларына дайындығы тексерілді.

Жарысқа қатысқан барлық балалардан батылдық пен жігерлілік, кез келген төтенше немесе қиын жағдайда бір-біріне қол ұшын беруге дайын екендіктері байқалды.  Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша 1 орынға       «Чемпионы» командасы ие болды. «Молния» командасының балалары екінші орын жеңімпазы атанды. Ал үшінші орынға «Звездочка» командасы шықты. Барлық балалар арнайы медальдар және марапаттау қағаздарына, сыйлықтарға ие болды.

Оқушылар арасында сайыс тартысты өтті

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз