Ислам атын жамылған алуан түрлі ағымдар әлемді жайлап алды. Жай адамның  бұларды бірінен бірін ажыратуы оңай емес. Өзінің немесе жан-дүниесі құлшылықты қалаған балаларының хақ жолдан адаспай, ата дінімізді ұстануы үшін адамдардың мешітке келері анық. Ондайда қалалық және ауылдық мешіттердің имамдары әр ағымның аражігін айыра білетін, байыппен кеңес бере алатын болуы тиіс.      

Теріс ағымды тани білу үшін

Жақында «Асар» ақпараттық-талдау орталығы деструктивті діни ағымдарға бейім және зардап шеккен тұлғаларды оңалту, кеңес беру жұмыстарын жүргізетін мамандарға (теологтар мен имамдар) арналған «Рухани жаңғыру–жат діни ағымдарға қарсы қуатты құрал» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Қазіргі замандағы діни ахуалды жан-жақты түсіндіру мақсатын көздеген семинарда ұстаздар Смайл Сейтбеков Жәрдембек Еженхан «Дәстүрлі бағыт Әбу Ханифа мазхабының ақидасы (сенімі)», «Деструктивті ағымдардың ақидадағы (сенімдегі) қателіктері», «Шиизм бағытының радикалды ағымдары», «Таблиғи жамағат–қауіпті ағым» тақырыптарында дәріс оқып, тақырыптар талданды.

Сминар соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.Ұйымдастырушылар қаптаған жат ағымдардан жастарды арашалап алуда септігі тиетін мұндай шараларды жиі ұйымдастырып тұратындарын айтты.

  Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

Теріс ағымды тани білу үшін

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз