Мұнайлы аудандық прокуратурасы, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы және жұмыспен қамту мекемесі бірлесе отырып мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұсынды.

Жәрмеңке прокуратураның «Қоғам — сенің қорғаның», партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аудандық прокуратурада құрылған ведомоствоаралық топтың жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Оған 11 жұмыс беруші мекеме мен екі қолына бір күрек іздеген 70-ке жуық ауыл тұрғыны қатысты. 22 адамның құжаты қабылданды.

— Аяғымнан көп жүре алмағандықтан, денсаулығым көтеретін жұмыстар болса барар едім. Бұрын балабақшада жұмыс жасадым. Қазір жұмыспен қамту орталығы арқылы кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында тазалықшымын. Жақында белгіленген мерзім аяқталады. Жолдасым да жұмыссыз, 4 балам бар,-дейді жәрмеңкеден жұмыс іздеп келген Маңғыстау ауылының III топтағы мүмкіндігі шектеулі тұрғыны Гүлжайнат Асқанбаева.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз