Алғашқы әскери дайындық пәні мен дене шынықтыру сабақтарының аяқталуына байланысты, №11 орта мектепте алғаш рет мектеп бітіруші және жоғары сынып оқушыларымен әскери-спорттық  шара өтті. Аталған ауқымды жиын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі мен ауданның 10 жылдығы орай ұйымдастырылды.

Оған бір топ ардагерлер де келіп, кездесу тәрбиелік мәнге ие болды. Білім алушылар әскери шеру мен әскери-патриоттық іс-қимылдар, спорттық ойындар көрсетсе, ардагерлер ағалары ақ тілектерін төгілтіп,  жастарға рух берер әңгімелерін айтты. Кездесуге «Тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылдар мен қақтығыстарға қатысқандардың ардагерлер одағы» республикалық ұйымының жетекшісі Мұрат Мұхамеджанов, алматылық отставкадағы полковник, ауған соғысы ардагері Болат Құрамысов, Семей сынақ ядролық полигонында әскери қызметін өтеген Қорғанбай Іздібаев, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан Юсуп Әбдухалиқов, облыстық, Ақтау қалалық ауған соғысының ардагерлері қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары Қартбек Дүйсенбаев, Мәтжан Шаулиев,  «Нұр Отан» партиясы ауандық филиалының, аудандық қорғаныс істері жөнідегі бөлім мен білім бөлімінің өкілдері де қонақ болды. Сондай-ақ, 6656 әскери бөлімінің оркестрі өнер көрсетті. Осылайша, мектеп ұжымы ұйымдастырған шағын ғана көрініс кең ауқымды сипат алды. Мұрат Мұхамеджанов «Мәңгілік ел» идеясын насихаттап, жас буынға әскери-патриоттық тәрбие беруге үлес қосып жүрген мектеп мұғалімдерді Алғыс хатпен, Қартбек Дүйсенбаев мектеп директоры Қаршагүл Әділбекованы «Отанға қызметі үшін» медалімен марапаттады. Алғашқы әскери дайындық пәнінен үздік оқыған оқушылардың да аты аталып, мектеп басшылығының Грамоталары табысталды. Одан кейін қонақтар білім ордасы тіккен киіз үйде болып,  мектеп ұжымының қолынан шыққан бұйымдарын тамашалады. Ұстаздар сахналаған салт-дәстүрден сыр шертетін көріністі көрді.

Тағылымға толы шара Тағылымға толы шара Тағылымға толы шара Тағылымға толы шара Тағылымға толы шара Тағылымға толы шара Тағылымға толы шара

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз