Ақтау қаласы әкімдігінің инстапарақшасынан алынды

Ақтауда 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында кейбір автомобиль жолдары уақытша жабылады, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

18 шағынауданда ішілік инженерлік желілері жүргізіледі. Осыған байланысты 18, 18 «а», 19, 19 «а», 20 және 20 «а» шағынаудандары аралығындағы автомобиль жолы жабылады.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА