Бүгін Маңғыстау ауданында «Жас қанат — 2019» жастар сыйлығының марапаттау рәсімі өтті. Аудан әкімінің дәстүрлі жастар сыйлығы биыл 11 жасқа табысталды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Шарада аудан әкімі Тілек Жеткізгенұлы жылы лебізін білдіріп, жастарға серпін берер құттықтау сөзін арнады.

«Биыл – Жастар жылы. Мәңгілік елдің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы болашақтың аса ауқымды міндеттерін қамтитын өте үлкен жоба. Ендеше, жастар, «Мәңгілік ел» идеясының аясында тек ұлы жетістіктерге жетіп қана қоймай, ел бірлігін, ынтымағын, ауызбіршілігін сақтайық. «Мәңгілік ел» идеясы еліміздегі рухани тұтастық пен дәстүр сабақтастығын қамтамасыз етер басты нышан. Қазақстанды мәңгілік ел жасау идеясын жастар яғни сіздер жүзеге асырасыңдар және сіздерді қолдаймыз!» — деді ол.

Оқи отырыңыз: Мұнайлы ауданында келесі жылы жаңа мектеп қолданысқа беріледі

Сондай-aқ шарада «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Айбарша Ордабаева ауданның белсенді жастарын марапаттады. Ал белсенді жас Эленора Бигелдықызы аудан жастарын патриотизмге шақырып ойларын ортаға салды.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Суреттер фейсбук парақшасынан алынды