Сурет МО Төтенше жағдайлар департаментінен

Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында ауданы 8000 ш.м болатын өрт сөндіру депосы бой көтеріп жатыр, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Маңғыстау облысы ТЖД-нің мәліметінше, республикалық бюджеттен депо құрылысына 443 млн теңге бөлінген. Жаңа депо қазіргі заман талабына сай әзірленген типтік жоба бойынша құрылады деп жоспарланған.

Бөлімшенің материалдық базасы халықаралық стандарт бойынша заманауи өрт техникасы мен қару-жарақпен, сондай-ақ жайлы қызметтік және тұрмыстық үй-жайлармен ұсынылатын болады.

Оқи отырыңыз: Мұнайлы ауданында келесі жылы жаңа мектеп қолданысқа беріледі

Кешен құрамына V типті 2 автомобильге арналған өрт сөндіру депосының ғимараты, бөлімнің байланыс пункті, 50 ш.м өрт сөндіру резервуары, отын құю станциясы кіреді.  Маңғыстау облысы ТЖД-нің мәліметінше, мұнда 54 ш.м. өртке қарсы су сыйымдылығы, 30 ш. м. ауыз суға арналған сыйымдылық, бақылау — өткізу пункті, шаруашылық алаңы және қазандық орналасады.

Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ