mangystaumedia.kz сайтында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында журналистикаға қызығатын жастар арасында ұйымдастырылған байқау мәресіне жетті.

Байқау екі аталым бойынша жүрген болатын. Жеңімпаздарды, құрметті оқырмандар, 25-28 маусым аралығында өздеріңіз анықтадыңыздар. Сонымен, «Үздік бейнеролик»  аталымы бойынша жеңімпаз Әлішер Хабидолла. Ол 20 717 қаралым жинаған.

«Үздік мақала» аталымы бойынша жеңімпаз Алматыда оқып жатқан жаңаөзендік студент Зияда Тініқұл (18 248 қаралым).

Журналистердің арнайы сыйлығы – ақтаулық студент Таңнұр Таймановаға бұйырды. Кәсіби журналистерден құралған қазылар әрбір жұмысты мұқият оқып, бейнероликтерді бірнеше қайталап көріп, осындай шешімге келді. Шешім қабылдауда жұмыстың жан-жақтылығы, зерттелу ауқымы, тақырыптың таптаурын болмауы, тілінің жатық, жұмыр болуы есепке алынды. Осылайша арнайы сыйлық иегері қазылардың басым дауысымен анықталды.

Марапаттардың тапсырылатын күні қосымша хабарланатын болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз