антитеррор

Биыл Маңғыстау облысында Полиция департаменті террористік тұрғыдан осал 505 нысанның 296-сы қойылған талаптарды орындамай отырғанын анықтаған. Тексеріс нәтижесінде талаптарды сақтамаған 70 нысан басшысына 100-ден 300 АЕК-ге дейін түрлі айыппұл салынған. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайтына Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айыппұлдардың жалпы сомасы  23 млн 230 мың 105 теңге.

«Терроризмге қарсы іс — қимыл туралы» заңмен террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалу жүйесіне нақты талаптар қойылған. Меншік иесі немесе мекеме басшысы осы талаптарды орындауы тиіс. Атап айтқанда, нысанда байланыс жүйесі, хабардар ету, бейнебақылау жүйесі, күзет бөлімшелері болуы шарт.

Осыған орай департамент мекеме басшылары мен меншік иелеріне нысанның терроризмге қарсы талаптарды орындамаған жағдайда 100-500 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Сурет сайттың архивінен

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз