shagala шағала Каспий

Шағалалар жақсы ұшады, жүзе алады, бірақ суға сүңги алмайды. Олардың қанаттары ұзын, аяқтары қысқа, аяқ саусақтарының арасы жарғақты. Ұясын жерге, шың басына немесе судағы жартасқа шөптен жасайды екен.

shagala шағала Каспий

Олардың негізгі қорегі — жәндіктер, шабақтар, тышқан тәрізді кемірушілер мен балықтар. Шағалалар осы қорегін ауада ұшып жүріп аулайды.

shagala шағала Каспий

Қазақстанның кез келген су алабында шағалалардың 9 түрі кездеседі. Олардың ең ірілерінің бірі — дуанбас болса, ең майдасы — кіші шағала. Сондай-ақ қылаң шағала, көл шағаласы, қытайлық кіші шағала деген түрлері бар. Каспий теңізінде кәдімгі шағалалар мекен етеді.

shagala шағала Каспий

Кәдімгі шағала 2-3, кейде 1-4 жұмыртқа салып, 22-24 күнде мамық қауырсынды, шұбар балапан шығарады. Кәдімгі шағала әр түрлі омыртқасыздарды, ұсақ балықтарды, ұсақ кемірушілерді жейді.

shagala шағала Каспий

Кәдімгі шағала — жыл құсы.Ол Атлант мұхитының Еуропа жағалауынан Африкаға дейін, Жерорта теңізі, Қара теңіз, Каспий, Қызыл теңіз жағалауында, Оңтүстік-Шығыс Азияда қыстайды да, көктемде қайтып келеді.

shagala шағала Каспий

Каспий теңізіне де шағалалар мекен етеді.

shagala шағала Каспий

Уикипедияның ақпараты пайдаланылды.

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз