сот шешім

2018 жылы Маңғыстау облысында салафиттік толқынның  деструктивті-діни ағымдарын жақтаушылар жасаған 37 қылмыс тіркелген. Бұл жөнінде mangystaumedia.kz сайтына Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы хабарлады.   

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың 11-і ауыр қылмыс. Олардың ішінде зорлау, бұзақылық, бопсалаушылық, адам ұрлау сияқты ауыр қылмастар бар. Қылмыстың барлығы ашылып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылған.

Полиция тұрғындарға байланыс желілері мен құралдарын, интернет-мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді экстремистік материалдарды елге әкелу, елден шығару, дайындау және тарату мақсатында пайдалануға тыйым салады.

Зорлық-зомбылық, қатыгездік, діни және өзге де экстремизм мазмұнындағы күмәнді материалдарды тарату да жауапкершілік жүктеуі мүмкін. Сондай-ақ баспа материалдарын сатып аларда да сақ болған жөн.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес экстремизммен айналысқан ел азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жауапкершілікке тартылады.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы діни жораларды іске асыратын орындардан тыс жерде діни бастамаларды  заңсыз түрде насихаттау мен діни әдебиеттерді таратудың куәгері болсаңыз, 102 немесе 475246 телефондары арқылы хабарласуды ескертеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз