Маңғыстаулықтар үшін 2019 жылы коммуналдық қызметтердің тарифтері қанша пайызға төмендейтіні жөнінде ӨКҚ өткен брифингте айтты. Тарифтерді төмендету 3 бағытта жүреді: 1) газдың бағасын төмендету, 2) тұтынушыларға дейін электр энергиясын тасымалдау тізбегін оңтайландыру, 3) инвестициялық және операциялық шығындарды қайта қарастыру. Бұл туралы МО энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Салимов айтты, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Ж. Салимовтың айтуынша, электр энергиясының тарифі Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында — 2%, Мұнайлы ауданында – 3%, сондай-ақ Маңғыстау, Қарақия, Түпқараған және Бейнеу аудандарында 4%-ға түседі деп жоспарланған.

Табиғи монополияларды реттеу бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтардың қорғау комитетінің МО департаментінің басшысының орынбасары Бақытбек Бекмұратов айтуынша, ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығымен газға жаңа тариф бекітілген. Яғни бұдан былай электроэнергиясын өндірушілер газды 1 м3 үшін 19,1 теңге емес, 16,8 теңге алатын болды. Осының нәтижесінде «МАЭК» ЖШС электр энергиясын өндіру тарифі 1 кВт/сағ үшін 13,12 теңгеден 11,64 теңге төмендетіп отыр. Сондай-ақ энергия тасымалдаушы «МРЭК» АҚ компаниясы электр энергиясының тарифін төмендетеді. Енді тұрғындар 1 кВт/сағ үшін 2,29 теңгеге алады. Бұрын 2,49 теңге болған. «Теңге тиыннан құралады» дейді мамандар.

Маңғыстаулықтар 2019 жылы коммуналдық қызметке қанша төлейді?

Осы орайда, өңір бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындарға белгіленген тарифтердің төмендетілген құнын назарларыңызға ұсынамыз. Айта кетелік, барлық тарифтер қосымша құн салығынсыз көрсетілген.

электроэнергиясына 4%:

— Ақтау қаласы  15,62-ден 15,25 теңге/кВт.сағат немесе 2%

— Жаңаөзен қаласы  18,02-ден 17,65 теңге/кВт.сағат  немесе  2%

— Маңғыстау ауданы  16,82-ден 16,09 теңге/кВт.сағат немесе 4%

Мұнайлы ауданы  14,52-ден 14,15 теңге/кВт.сағат немесе 3%

Қарақия ауданы  16,81-ден 16,08 теңге/кВт.сағат немесе 4%

Түпқараған ауданы  17,48-ден 16,75 теңге/кВт. сағат немесе 4%

— Бейнеу ауданы  16,82-ден 16,09 теңге/кВт. сағат немесе 4%

 

Сумен қамтуға 7%:

—  «Каспий су тұщыту зауыты»   1 м3 үшін 193,65-тен 181,39 теңгеге немесе 7%

— «Казсушар» РМК филилаы 1 м3 үшін  591,8-ден 527,23 теңгеге немесе 11%

—  «УДТВ» ЖШС  1 м3 үшін  49,39-дан 48,42 теңгеге дейін немесе 2%

— «Түпқараған су жүйесі» 1 м3 үшін  163,65-тен 147,29 теңгеге 10%

— «Маңгыстау Жылу» МКК 1 м3 үшін  250,26-дан 237,75 теңгеге немесе  5%

—  «Дария» МКК 324,51-ден 318,02 теңгеге немесе  2%

 

Жылумен қамтуға  3%:

— «КЖСА» МКК  Гкал үшін 712,16-дан 690,99 теңгеге за немесе 9,62%

—  «ӨзенЖылу» МКК  Гкал үшін 2053,04-тен 2046,29 теңгеге немесе 0,26%

— «Манғысстау жылу» МКК Гкал үшін  2990,99-дан 2723,74 теңгеге 7,99%

(ыстық суға)

— «ӨзенЖылу» МКК  1 м3 үшін   358,17-ден 356,77 теңгеге немесе 0,39%

— «КЖСА» МКК 1 м3 үшін    99,10-дан 93,89 теңгеге немесе 2,81%

Ақкенже БЕРКЕНОВА

Сурет пен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз