шырша тойы

Түпқараған аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудан әкімінің дәстүрлі шырша тойы аудандық жасөспірімдер және спорт мектебінде тойланды. Онда шырша жағылып, Аяз ата мен Ақшақар талантты балалардың өнерлерін тамашалады. «Ұлы Жібек жолы» қойылымы көрсетіліп, Алдар көсе мен тәуелсіздік символы болған қыран құс бейнелері балақайларды қуанту үшін жасыл шырша маңынан табылды.

Шырша тойының ал­ғашқы құттықтау сөзін алған «Нұр Отан» пар­тиясының Түпқараған аудандық филиалы төр­ағасының бірінші орын басары Демеген Садықов пен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айбаршын Қуанышқа­лиқызы оқушылардың сабақтарына жетістік, отбасыларына аман­дық, дендеріне саулық тіледі.

Аудандағы 10 мектептен 92 оқушы қатысқан қайы­рымдылық шырша тойын­ да балаларға тәттілер са­лынған қалталар үлес­тірілді. Сонымен қатар әр мектеп осы оқушыларға аудан әкімі атынан есте­лікке сыйлықтар және жы­лы киімдер сыйға тара­татын болады.

Өз тілшімізден

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз