Құрметті әріптестер! 

2017 жылдың 28 сәуір күні сағат 10:00-де  Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектептегі зерттеушілік әрекет – оқу мен оқытуды жақсартудың кілті» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияның өткізілу мақсаты:

1) Өз тәжірибесінде сабақты зерттеудің өзекті сұрақтарын талқылау;

2) Оқу мен оқытудағы іс- әрекетті зерттеумен айналысатын мұғалімдер арасында тиімді диалог орнату;

3) Оқыту мен оқу үдерісіндегі тәжірибе алмасуды жандандыру мақсатында қолайлы жағдай туғызу.

Конференцияға келіп, қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңалықтарм ен өзгерістерді көруге шақырамыз.

Басталуы: 10:00

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз