Адам баласын азғындыққа апаратын алуан түрлі әдепсіз әдеттердің жайылғаны ешкімнен жасырын емес. Әсіресе, жастар арасында темекі тартып, арақ ішу, нашақорлық, токсикомания секілді зиянды әдеттер балалардың денсаулығына зиян тигізумен қатар олардың қылмыс жасауына да себеп болуда.

Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алған «Қолдау-Қазақстан» көп салалы коммерциялық емес холдингі осынау дерттің, жастар арасында қауіп-қатер факторларының алдын алу  мақсатында қаладағы Т.Алиев атындағы №1 орта мектепте «Жастар салауатты өмір салтын таңдайды!» тақырыбында кең көлемді акция ұйымдастырды. Шараға қатысқан Жаңаөзен қалалық жастар денсаулығы олрталығының менеджері Е.Қалиев, СӨСҚПО қалалық филиалының социологы М.Жаманқұлова, №2 қалалық емхананың акушер-гинекологы Г.Умаралиева, мектеп инспекторы, полицияның аға лейтенанты Н.Әбдіманап «Drunk and Dangerous» («Мас күйінде көлік жүргізу») интерактивті көзілдіргі, темекіге қарсы демонстрациялық чемодан, «Темекі шегетін Сью» қуыршақ-симуляторы және «Спирттің ақуызға әсері»  биохимиялық тәжірибе арқылы жаман әдеттердің және олардан болатын қауіп-қатер факторларының зияны туралы ақпараттар жеткізді. Сондай-ақ мамандар ерте жүктілік, қылмыстың алдын алу жөнінде әсерлі әңгімеледі. Жастарға әртүрлі зиянды әдеттердің алдын алу туралы әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, аталған тақырып қамтылған ақпараттық парақшалар таратылды, балалардың осы бағытта қойған сауалдарына жауап берілді.

  Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

Әдепсіз әдет қылмысқа жетелейді Әдепсіз әдет қылмысқа жетелейді Әдепсіз әдет қылмысқа жетелейді

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз