qaraqia қарақия

Өткен аптада Маңғыстау аймағына шетелдік туристердің екінші легі «Жібек жолы» чартерлі пойызымен саяхаттап келді. «Қонақ келсе қоң етін кесіп беретін» халқымыз тағы да зор қонақжайлылық танытты. Германия мен Швецариядан келген қонақтарды Мұнайлы ауданы әкімдігі мен Маңғыстау селосы әкімдігінің, Мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері, теміржолшы азаматтар қуана қарсы алды.

img_2384

Саяхатшылар келген арнайы пойыз 6 вагоннан тұрады. Соның ішінде барлық талаптарға сай жасақталған жоғары сапалы вип вагонымен мақтануға тұрарлық. Теледидар көргіңіз келсе дайын тұр, желдеткіш қане десеңіз, орнатулы. Жуынатын, тамақтанатын орындарын сұрасаңыз, ұялмай кіргізуге болады, мұнтаздай тап-таза. Мейрамхана вагондары ерекше көз тартады. Мұнда 48 адамға орын арналған. Шетелдік саяхатшылар осында келіп, тамақтана алады. Мейрамхана вагонындағы бас аспаздың айтуынша, туристер өзбек жігіті дайындайтын палау тағамына айрықша тәбет тартқан көрінеді және бір емес, бірнеше рет бұл тағам түріне тапсырыс берген. Олар таңертеңгісін шай немесе кофе ішіп,  қара нан мен вареньеге, шұжық немесе құймаққа тапсырыс береді екен. Ал, түскі ас кезінде балық, саңырауқұлақ қосылып дайындалған, сорпа тағам түрлерінен дәм татқан.

Тағы бір айта кетерлігі, өңірімізге келетін саяхатшылардың ішінде шығармашылық адамы — журналистер жағы басымдау. Өйткені, олар киелі Маңғыстау туралы арнайы материал дайындап, көрікті жерлерін аралап, деректі фильм түсіреді. Солардың бірі — Петер Гислинг.

─ Қазақстанда бұрын Астана, Алматы, Арал аумағында болдым. Кеше Атырауға аялдадық. Швейдцариядан қарағанда бұл жақтың ланшафты өте бөлек. Шөл дала, түйелерді көрдім. Қазақтар өте қонақжай, қарапайым халық. Қазір де қалай қарсы алып жатыр. Мен Швейдцарияда жергілікті телеарнада жасаймын. Енді жерлестеріме айтарым да, көрсетерім де көп, — дейді саяхатшы.

Әсел ТАҢАТАРОВА

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз