Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 2,9% өсіммен 445 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтты, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Сонымен қатар 29 млрд теңге көлемінде 10 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі таңда 5 жоба толықтай іске қосылып отыр.

«АқтауТеңізПорты» арнайы экономикалық аймағында «Satex Chemi» битум эмульсиясы негізінде гидро-оқшаулағыш материалдар өндіретін зауыт іске қосылды. «BEST-Group NS» ЖШС жел электр стансияларын салу жобасын сәтті орындады. Өңірдің экономикалық дамуына серпін беретін метанол мен олефин өндіретін зауыт пен Әзірбаймен бірлескен талшықты-оптикалық байланыс желісі жобасы қолға алынды. Жалпы құны – 1,8 млрд АҚШ доллары», — деді облыс әкімі.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА