Ұлы Отан соғысының ардагері, білікті басшы Сансызбай Нұрбатыровтың есімі берілген көшеге ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шараға аудан әкім Ж.Айтуаров, аудандық мәслихат хатшысы А.Сарбалев, ауыл ардагерлері, қызметтес достары, ағайын-туыстары қатысты. Жиында ел үшін ерлік көрсеткен ардагердің өнегелі ғұмыры, еселі еңбектері туралы естеліктер айттылды.

Өмір белестерінде ауданымыздың экономикасының дамуына, халықты сауаттандыруға сүбелі үлес қосқан С.Нұрбатыров 1941 жылы соғысқа атанып, майдан шебін бұзып, аға лейтенант шенін иемденіп, партия қатарына қабылданады. Ерен еңбектерінің арқасында «Қызыл жұлдыз», «Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежелі» ордендерімен және бірнеше жауынгерлік медальдары мен соғыс жылдарындағы жоғары бас қолбасшы И.Сталиннің алғыс хаттарына ие болады.

Ерлігі елге үлгі ардагердің атына берілген көшеге ескерткіш тақта орнатылған соң, рухына құран бағышталып, ас берілді.

Жадыра ЖИЕНӘЛІҚЫЗЫ

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз