atamkulov Бейбіт Атамқұлов
Көрнекі сурет ult..kz алынған

ҚР Президентінің Жарлығымен Бейбіт Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол осы Жарлықпен ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды, — mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. 

Бейбіт Бәкірұлы 1964 жылы туған. Қазақ политехникалық институтын, Санкт-Петербор мемлекеттік экономика және қаржы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Норильск тау-кен металлургия комбинатының мыс қорытатын зауытында балқытушы болып бастады, 1985-1991 жылдары Шымкент қорғасын зауытында металл балқытушы, ауысым шебері, инженер-технолог, жетекші инженер болып жұмыс істеді.

1991-2006 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.

2006-2012 жылдары дипломатиялық қызметте болды. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы болып тағайындалған.

2012 жылғы қазаннан Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, 2014 жылғы тамыздан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы болған.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған.

Айта кетелік, Мемлекет басшысының Жарлығымен осы кезге дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болған Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз