elaman ergaliev Еламан Ерғалиев
Сурет Qsport.kz сайтынан алынды

Допингке қарсы ұлттық орталық зертханалық талдаулар нәтижесінде допингке қарсы ережелерді бұзды деген күдікпен Қызылорда облысының дзюдошылары Еламан Ерғалиев пен Саламат Жұрқабаевты республикалық және халықаралық жарыстарға қатысудан уақытша шеттетті. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясы фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

«ҚР Чемпионатында алынған допингтік бақылаудың «А» сынамаларынан тыйым салынған заттар табылды. Қазақстан дзюдо федерациясы допинге төзбеушілік қағидасын ұстанады және допингке қарсы ережелерді сақтауды қадағалап отырады», — деп жазды Федерация.

Жоғарыда айтылған фактінің анық-қанығын нақтылау мақсатында Қазақстан дзюдо федерациясы мен мүдделі ведомстволардың қатысуымен ішкі тексеру жүргізілмек.

«Тексеріс нәтижесі бойынша «Б» сынамасын ашуға сұрату жіберу және аппеляция беру туралы шешім қабылдануы мүмкін. Тексеріс қорытынлысы Қазақстан дзюдо федерациясының сайтында қосымша хабарланады», — деп мәлімдеді Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы дректоры Самат Жылқыбаев.

Айта кетелік,осы жылдың 13-16 қарашасында Астанада өткен сайыста дзюдошы Самат Жұрқабаев 81 келі салмақ бойынша Қазақстанның чемпионы, ал Еламан Ерғалиев +100 келі салмақта Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.

Бұған дейін осындай жағдай дзюдодан ҚР жасөспірімдер құрамасының спортшысы Рахмет Махамбетте (Атырау облысы) болған. Ол 2018 жылдың 14 шілдесінде Гонконгта (ҚХР) өткен Азия кубогінде бірінші орынды иеленген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз