janaozen gazet Жаңаөзен газет

Жаңа 2019 жылға баспасөзге жазылу басталған сәтте, өзіңізге сөз арнап отырмыз, құрметті оқырман!

Жиырма сегіз жылдан бері үздіксіз шығып келе жатқан «Жаңаөзен» газеті талай жанның сырласына, досына айналды. Қалалық баспасөздің қара шаңырағы атанған басылым еліміздегі болып жатқан бар жаңалық, жақсылықпен жедел таныстырып, жүздестіріп жүрген жайы бар. Осы жылдар аралығында газетіміз мұнайлы қаланың жайын, көл-көсір қуанышын жұртқа бірінші болып жеткізіп, қазаққа ортақ ой қозғап, пікірталастың парасатты үлгісін көрсетіп келеді.

Газет — халыққа рухани білім нәрін беруші, насихатшы, үгітші. Олай болса, рухани азығыңыз, айнымас серігіңіз — «Жаңаөзен» газетіне жазылуды ертеңге қалдырмай, бүгіннен бастаңыз!

Қала өмірінің айнасы — «Жаңаөзен» газетіне бір кісідей жазылайық. Әрбір жаңаөзендік отбасында «Жаңаөзен» болсын!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз