Ралли Рейдтан Әлем Кубогы 20-26 мамыр аралығында Маңғыстау өңірінде өтті. Бір аптаға созылған тартысты дода бүгін соңғы кезеңін өткізіп, еліміздегі этапты сәтті аяқтады.

Теңіз жағалауында қатысушылар мен жеңімпаздар марапатталды. Тұрғындар шабандоздармен естелік суретке түсуге мүмкіндік алып, тіпті жанкүйерлер олардың көліктеріне де отырып көрді.

  • Поляк Пшегонски екінші тұғырда; Оның отандасы Домзала — үшінші.
  • Сауд Арабиялық Язир Сейдан Т2 класы бойынша жеңімпаз.

Катарлық Аль-Аттия мен штурманы франциялық Матье Бомель соңғы сайыс күнінде үздік нәтижелерін сақтап қалды. Сөйтіп, жалпы жарыс қорытындысы бойынша да көшбасшы титулына қол жеткізді. Бұл – олардың осы маусымдағы үшінші (Дубай, Катардан кейінгі) жеңісі.

-Біз үшін өте керемет нәтиже. Старт басталғаннан өз есебіміз бойынша жүріп отырдық. Қажет болған жерде жылдамдықты барынша ұлғайттық. Ол бізге жемісін берді. Бұл ралли кезеңі бізге қатты ұнады. Бәрі керемет, мұнда болашақта автошабандоздар көптеп келеді деп ойаймын. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын, оның барлығы менің командам – Overdrive-тың арқасы. Оларға шексіз алғыс білдіремін. Біз Чемпионатта көш бастап тұрмыз, алдағы уақытта да осы қарқынмен жалғастырамыз деген үміттемін, — дейді Аль-Аттия.

Польшадан келген Якуб Пшигонски мен штурманы бельгиялық Том Колсул кезеңді екінші нәтижемен аяқтады. Олар жарыстың алғашқы күні алға шығып, Аль-Аттиямен өте мықты қарсылас екенін дәлелдеген болатын. Енді Пшигонски Чемпионатта үшінші сатыға көтерілді.

«Соңғы кезең де оңайға соққан жоқ. Жолда су көп кездесті, сондықтан жылдамдықты арттыру біраз қиынға соқты. Дегенмен біз бар күшімізді салдық. Сайыстан алған әсер керемет. Әсіресе, Нассермен күш сынасқан шабыт сыйлайды екен. Қазақстанда өткен кезеңге өте жоғары баға береміз. Мұнда ралли-рейдке қажеттінің барлығы бар», Якуб Пшигонски.

Язид Аль-Раджи (Сауд Арабиясы) мен оның неміс штурманы Тимо Готтшалык алты кезеңнің үшеуінде бірінші орынды қанжығасына байлады. Бірақ алғашқы күнгі сәтсіздіктің салдарынан жеңіс тұғырына көтеріле алмады (Олар бірінші күні 100 сағаттық айыппұл алған болатын). Сөйтіп,  Аль-Раджи еліміздегі ралли кезеңін 11 орынмен аяқтады.

-Сәтсіздігімізге қарамастан, бізге ралли қатты ұнады. Алда әлі талай жарыс бар, мен оларды асыға күтемін. Таңертең старттан 10 шақырымнан соң дөңгелек жарылды. Қысқа ұзындыққа жарысып жатқанда мұндай кедергілер ұтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан тәуекел жасағым келмеді, — дейді тәжірибелі жүргізуші Аль-Раджи.

Поляк Арон Домзала мен оның жаңа штурманы Мацей Мартон дебютті раллилерін сәтті өткізді. Олар жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді.

Жерлесіміз Юрий Сазонов сайыстың алғашқы күндері 5,6 нәтиже көрсетіп жүрген. Дегенмен сайыс соңына қарай жылдамдығын арттырып, жалпы есепте төртінші сатыға көтерілді. Ол раллиге Hummer H3 автокөлігімен қатысты. Штурманы – Виталий Евтехов.

Ерден Шагиров пен оның украиналық штурманы Дмитрий Цыро ешқандай кедергіге қарамастан, раллиді бесінші орынмен қорытындылады. Олардың темір тұлпарлары соңғы кезеңде аударылып қалды. Дегенмен Ресей экипажының көмегімен аяққа тұрып, жарысты финиште аяқтады.

Литвадан келген дуэт Антанас Юкневичус пен Дариус Вайчулис алтыншы сатыда. Ақкөңіл жігіттер біздің отандасымыз Ерденнен 4 минут артта қалды.

Сауд Арабиялық Язир Сейдан басқарған Toyota Land Cruiser темір тұлпары Т2 класында көш басын ешкімге бермеді. Штурманы – ресейлік Алексей Кузмич.

ҚР Автомотоспорт Федерациясының президенті Марат Әбіқаев та бұл раллиге қатысып жатқанын айтқан болатынбыз. Штурманы – ұлы Нұрсұлтан Әбіқаев. Олар соңғы кезеңде апатқа ұшырап, көліктері қолданысқа жарамсыз болып қалды.

Ралли Қазақстан-2017 қорытындысы:

1.Нассер Салех Аль-Аттия (Катар)/Матье Бомель (Франция) Toyota Hilux Overdrive 19 сағат 00 мин 20 сек

2.Якуб Пшегонски (Польша)/Том Колсул (Бельгия) Mini All4 Racing 19 сағат 8 мин 03 сек

3.Арон Домзала (Польша)/Мацей Мартон (Польша) Toyota Hilux Overdrive 19 сағат 26 мин 37 сек

4.Юрий Сазонов (Қазақстан)/Виталий Евтехов (Қазақстан) Hummer H3 Evo VIII 20 сағат 38 мин 34 сек

5.Ерден Шагиров (Қазақстан)/Дмитрий Цыро (Украина) Toyota Hilux 21 сағат 36 мин 04 сек

6.Антанас Юкневич (Литва)/Дариус Вайчулис (Литва) Toyota Hilux 21 сағат 40 мин 04 сек

7.Язир Сейдан (Сауд Арабиясы)/Алексей Кузьмич (Ресей) Toyota Land Cruiser 25 сағат 30 мин 48 сек

8.Адель Абдулла (Катар)/ Себастьен Делоне Nissan Patrol T2 28 сағат 48 мин 02 сек

9.Мирослав Заплетал (Чехия) / Марек Сикора (Словакия) Ford F-150 Evo 116 сағат 38 мин 54 сек

10.Виктор Хорошавцев (Ресей) / Антон Николаев (Ресей) BMW X3 CC 116 сағат 55 мин 45 сек

11.Язид Аль-Раджи (Сауд Арабиясы) / Тимо Готтшалык (Германия) Mini John Cooper Works Rally 117 сағат 59 мин 21 сек

Айта кетейік, FIA ралли-рейдтан Әлем Кубогының келесі кезеңі 15-18 маусым аралығында Италияның Баха қаласында өтеді.

                                                                                  Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия!

Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия! Ралли Қазақстан-2017! Жеңімпаз – катарлық Аль-Аттия!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз