Бүгінгі бағыт ұзындығы 147 шақырымды құрады. Бұл елімізде өтіп жатқан Раллидің ең қысқа кезеңі. Шабандоздар сағат 9:00-де старттан аттанып, көп ұзамай финиште қара көрсетті. Сайыстың соңғы күні болған соң, қатысушылар барын салды. Оны Аль-Раджи (Сауд Арабиясы), Якуб Пшигонски (Польша), Нассер Аль-Аттия (Катар) үшеуінің финишке қатар жетуінен анық аңғардық.

«Ралли Қазақстан-2017» барлық кезеңін аяқтады!

«Ралли Қазақстан-2017» барлық кезеңін аяқтады!

Якуб Пшигонски мен штурманы — Том Колсул (Бельгия) және Нассер Аль-Аттия, штурманы — Матье Бомель (Франция)

Аль-Аттия Пшигонскиден шамамен 6-7 минут айырмасымен алда келеді. Сондықтан оны көшбасшы деуге толық негіз бар.

46 жасар Нассер – катарлық патша әулетінің ұрпағы. «Дакар» ралли-марафонының 2 дүркін, FIA Ралли Чемпионатының 12 дүркін жеңімпазы, Лондонда өткен Жазғы Олимпиаданың қола медаль иегері, FIA Әлем Кубогының 2008, 2015 жылғы чемпионы. Оның жеңіс мәресіне жетіп тұрса да, өз-өзін ұстауы, сабырлылығы мен эмоциясына беріктігі көшілікті тәнті етті. Жарысты тамашалауға келгендердің өтінішін жерге қалдырмай, барлығымен естелік суретке де түсті.

Мәреге екінші келген Якуб өзінің мықты қарсылас екенін сайыстың алғашқы күні-ақ дәлелдеген. Бірақ екінші кезеңде дөңгелектері жарылып, уақыт жоғалтып алды.

«Ралли Қазақстан-2017» барлық кезеңін аяқтады!

Төртінші болып чехиялық Мирослав Заплетал келсе, бесінші ретпен польшалық Арон Донзала жарысты аяқтады. Ал біздің жерлесіміз Юрий Сазонов алтыншы болып мәре сызығын кесті. Соңғы кезеңнің қалай өткенін Юрийдің өз аузынан естуді жөн көрдік.

Айтпақшы, мұнда Юрийге қолдау көрсетуге отбасы да келіпті.  Әкесі, жары мен баласы да осында.

«Ралли Қазақстан-2017» барлық кезеңін аяқтады!

Иә, тәжірибелі шабандоз  бұған дейінгі көрсеткішін сақтап қалуды ойлапты. «Бұл жарыстағы мақсатым – бестікке ену» деген еді бір сөзінде. Ендеше Юра ол мақсатына жетті деп сеніммен айта аламыз.

«Ралли Қазақстан-2017» барлық кезеңін аяқтады!

Суретте Юрийдің 2 жасар ұлы — Мирослав. «Есімін қазақтың «Мирас» сөзімен байланыстырып қойдым» дейді шабандоз.

«Ралли Қазақстан-2017» барлық кезеңін аяқтады!

Әдетте Юрийден соң көп ұзамай мәреден Ерденді көріп үйреніп қалған көзіміз бүгін оны байқай алмады. Алаңдағаннан өзге сайыскерлерден сұрастыра бастадық. Ресейлік экипаж мүшелері – Хорошавцев Виктор мен Николаев Антон жолда біздің экипаждың аударылып, өздерінің оған көмектескенін жеткізді. Бұл үшін өз тарапымыздан да оларға алғыс білдірдік.

«Ралли Қазақстан-2017» барлық кезеңін аяқтады!Біздің командаға көмектескен 208 экипаж мүшелері – Хорошавцев Виктор мен Николаев Антон

Бұдан соң Т2 класының көшбасшысы – Язир Сейдан жарысты аяқтады.

«Ралли Қазақстан-2017» барлық кезеңін аяқтады!

218 экипаж. Язир Сейдан (Сауд Арабиясы) — пилот, Алексей Кузмич (Ресей) — штурман

Біз күткен отандасымыз осыдан кейін мәреде бой көрсетті. Көлігін танымай қалдық, дегенмен экипаж мүшелерінің жағдайы жақсы екен. Қиындыққа қарамастан, жарысты финиште аяқтады. Ең бастысы да осы болатын. Ерденнің де мақсаты бестікке кіру еді, нәтижесінің қалай боларын уақыт көрсетеді. Әйткенмен бүгінгі әрекеті жоғары бағаға әбден лайық.

Ерден Шагиров пен Дмитрий Цыроның жарыстан келген сәті!

«Ралли Қазақстан-2017» барлық кезеңін аяқтады!Литва құрамасы

Бүгін бір аптаға созылған ауқымды сайыс қорытындыланып, теңіз жағасында жабылу салтанаты өтеді. Кім қандай сатыға орныққанын, қанша уақытта мәреге келгенін ресми ақпарат шыққан соң жариялайтын боламыз.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

Сурет, бейнежазбаларды түсірген автор

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз