«Қазақстан — жалғыз ұлы қазақтың» деген атпен 10-шы рет ұйымдастырылған «Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалі өз мәресіне жетті.

Өнер байқауының бас жүлдесі - Жаңаөзенде
Өнерпаздар фестиваліне облыстың түкпір-түкпірінен 1000-нан астам өнерпаз қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Ауыл-елден бастау алған аталмыш өнер додасы аудандар мен қалаларда жалғасып, оған көптеген өнер ұжымдары атсалысқан болатын. Өнердің 11 жанры бойынша өткен сайыстың қорытындысы бойынша аудан және қалаларға арнайы жүлделер берілді. Атап айтқанда, бас жүлдені мұнайшылар қаласы — жаңаөзендік өнерпаздар еншілеп, автокөлікке ие болды. Фестивальде І-орынды Маңғыстау мен Қарақия ауданы иеленді. Күміс жүлдені Ақтау мен Бейнеу ауданы алды. Ал, 3 тұғырға Түпқараған мен мұнайлылық өнерпаздар жайғасты. Дүйсенбі күні қала әкімінің аппарат жиналысында қала басшысы Елубай Әбілов жаңаөзендік өнерпаздарға, қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Ұлбазар Орынбаеваға, «Өнер» мекемесінің директоры Дина Өтебаеваға алғысын білдірді.

Өнер байқауының бас жүлдесі - Жаңаөзенде Өнер байқауының бас жүлдесі - Жаңаөзенде Өнер байқауының бас жүлдесі - Жаңаөзенде

Гүлсім МҰРЫНОВА.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз