Маңғыстау ханшайымы

Аймақта алғаш рет облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас мамандар арасында «Маңғыстау ханшайымы-2017» байқауы өтеді. 21-29 жас аралығындағы арулар қатысатын сұлулық байқауы 3 мамыр күні «Абай» мәдени-демалыс кешенінде өтеді деп жоспарланған.

сұлулық байқауына қатысатын үміткерлер
                                           сұлулық байқауына қатысатын үміткерлер

— Байқауға қазақ тілін жетік меңгерген, сымбаты мен сұлулығы келіскен, білімді, өнерлі әрі бұрымды арулар қатысады. Басты мақсат-әр салада жұмыс істейтін дарынды аруларды анықтау, шеберлігін шыңдау. Сондай-ақ жастарды рухани, кәсіби жағынан дамыту, қазағымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын насихаттау. Жалпы байқауға қатысуға 14 ару өтініш білдірді. Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен олардың арасынан 7 үміткер іріктеліп, байқауға қатысуға жолдама алды. Талап бойынша байқауға қатысушы қазақтың ұлттық киімімен және мекеменің логотипі бейнеленген арнайы киімдерімен өнер көрсететін болады. Облыста алғаш рет жас мамандар арасында өткізілетін байқауды тамашалауға және қолдау көрсетуге баршаңызды шақырамыз. Байқау 3 мамыр күні «Абай» мәдени-демалыс кешенінде сағат 18:00 өтеді. Кешті тамашалау тегін,-деген облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Гүлмира Бурxандинова өткен жылы жас мамандар арасында алғаш рет «Жігіт сұлтаны» байқауы ұйымдастырылғанын атап өтті.

байқауға қатысатын үміткерлер
                                                     байқауға қатысатын үміткерлер

Сұлулық байқауына қатысушылардың арасында мұнай, медицина салаларында, пошта қызметінде еңбек ететін арулар бар. Олар байқаудың талабы бойынша таныстыру, өз өнерін көрсету бойынша бақтарын сынайды. Одан бөлек қолөнерден ісмерліктерін көрсетіп, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпына қатысты қойылатын сауалдарға жауап беріп, білімдерін де тексереді.

Венера МИРЛАН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз