Бүгін аудандық «Өрлеу» мемлекеттік  қазыналық кәсіпорны ұйымдастыруымен жас суретшілер арасында «Мақтанышым – Маңғыстау» шығармашылық  байқауы өтті.

Аталмыш щараға  қылқаламды серік еткен мектеп оқушылары мен жас мамандар  қатысып,  маңғыстаудың таңғажайып, көз тартар көрікті жерлерін қағаз бетіне түсірді. Олардың  қиялынан туындаған суреттерінің  бояуы айқын, өзіне тән образы мен тақырыптық мазмұны жағынан бір бірінене асып түседі. Байқаудың  қорытындысында бойынша жыңғылдылық Мейіржан Есенов бас жүлде, қызандық Досат Дәрібекүлы I орын,  Өтестік Эльвира Бердікбекқызы, қызандық Мағжан Оңдабаев II орын,  шетпелік Әлібек Теңелбаев, шебірлік Салтанат Нұрлыбаева III орын иеленді.

Жадыра ТЕЛБАЕВА

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз