Сурет сайт архивінен

Мүшәйра! Мүшәйра! Мүшәйра!

 «Ақжігітім – ауылым» атты облыстық жазба ақындар мүшəйрасының
ЕРЕЖЕСІ

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылының 50 жылдық мерейтойына арналған облыстық жазба ақындар мүшəйрасы ұйымдастырылады.

Мүшəйраның мақсаты:

— «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ауылым – алтын бесігім» арнайы жобасын іске асыру;

— Ауылдың рухани өмірін, тыныс-тіршілігін, ауылда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді суреттеу;

— Ауыл құндылықтарын насихаттау;

— Қаламгерлерді қолдау және шығармашылығын дамыту;

— Ел арасындағы таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісіне жол ашу жəне сол арқылы қазақ поэзиясының дамуына үлес қосу;

— Ақжігіт ауылының тарихын көркем әдебиет арқылы таныту;

Шарттары:

— Мүшəйраға қатысушы ақындар жасы шектелмейді.

— Қатысушы ақын берілген тақырыптар бойынша екі шығармасын ұсынады.

Байқауға ұсынылатын тақырыптық бағыттар:

  1. Ақжігіт ауылы, ауыл тарихына қатысты бір өлең жазу;
  2. Қазылар алқасында таласты пікір туған жағдайда салыстыра қарастыру үшін еркін тақырыпта бір өлеңін қосымша ұсыну;

Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:

— Ұсынылған негізгі шығармалардың тақырыпқа сай келуіне;

— Шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына;

— Туындының көркемдік сапасына баса мəн беріледі.

Байқаудың қорытындысын шығару:

Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Алқа құрамы төрағадан және басқа мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының жұмысына төраға басшылық етеді, шешім шығарады және қазылар алқасының шығарған шешімі үшін жауапты. Хатшы қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы рәсімдейді. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

Мүшəйра жабық түрде өткізіледі. Қазылар алқасының алдын-ала шығарған шешімі бойынша, жүлдегерлер мереке күндері салтанатты түрде марапатталып, сахнада өлеңдерін оқиды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталады.

Байқауға қатысатын авторлар шығармаларымен бірге өзі туралы шағын ақпарат пен байланыс мәліметтерін жазып, 2019 жылғы 20 қазанға дейін ruhaniqazyna@gmail.com эл.поштасына жолдауы тиіс. Хаттың қабылданғаны, іріктеу қорытындысы туралы жауап осы пошта арқылы жазылады.