Сурет сайт архивінен

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіне 17-23 желтоқсан аралығында 14 дабыл келіп түскен. Оның ішінде 8 – өрт, 12 – жану жағдайы, 3 – авариялық құтқару қызметі бар.

19 желтоқсанда Бейнеу ауданы Сарға селосында үй гаражында тұрған  Chevrolet Captiva маркалы автокөліктің артқы бөлігі толық жанып кеткен.

Осы күні Жетібай ауылы, Жаңақұрлыс көшесі, 20 үй, 1 пәтерде бір қабатты тастан қаланған, төбесі профнастилмен жабылған 6 бөлмеден тұратын үйдің бір бөлмесі толықтай жанған, қалған бөлмелері ысталған. Жану көлемі 20 ш/м. Жалпы көлемі 150 ш/м. Зардап шеккендер жоқ. Себебі мен залалдарын кезекші тергеушілер анықтап жатыр. Ал түнгі сағат 22-де Мұнайлы ауданы Басқұдық селолық округінде үш бөлмелі сарай өртенген.

20 желтоқсан күні Ақтау қаласы 12 ш/а пәтерлердің асханаларындағы штрабалар жанып кеткен.

Бейнеу ауылы Рысқұлов көшесінде монша мен жылу қазандығы отқа оранған. Сондай-ақ Жібек жолы көшесінде аула ішінде тұрған Skoda Rapid маркалы автокөлік те өртенген.

Ақтау қаласы 1 б ш/а «Изба» моншасының бассейн және бу бөлмесі, дәлізі өртенген.

Төтеншеліктер өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша 43-55-06 телефонына хабарласу керектігін қаперге береді.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз