шырша Ақтау

Ақтау қаласындағы жаңа жылдық бас шыршаның шамын жағу кейінге қалдырылды. Шыршаның шамы бүгін 25 желтоқсанда сағат 19.00-де жанбақ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтау қаласының әкімдігі 24 желтоқсан күні сағат 19:00-де қаланың жаңа жылдық бас шыршасының шамы жағылатынын хабарлаған еді. Алайда Ақтау қаласы әкімдігінде қоғамдық кеңестің отырысының өтуіне байланысты, шыршаның шамын жағу бір күнге кейінге қалдырылды.

Айта кетерлігі, Маңғыстау облысының орталығындағы жаңа жылдық шырша биыл тұрақты орнынынан 15 шағынауданда ашылған жаңа жағалауға алмастырылған.

«Шырша шамын жағу рәсімінде Аяз ата мен Қарша қыздың қатысуымен қызықты викториналық сұрақтар қойылып, кɵңiлдi концерттік бағдарлама ұйымдастырылады», — дейді әкімдіктегілер.

Камшат ОҢҒАЛТАЙ,

Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз