Ел мерейін еселеп, көпшіліктің көңілін көкке самғатар ұлы мереке — ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Шетпе селосының аудан орталығы болғанына  50 жыл толған мерейтойлар ауданымызда бүгін басталып кетті.  Елдік істің бастауы Елбасы саясаты — бұқаралық спортты жандандырумен басталды.  Селомыздың күншығыс бетіне аудан басшыларынан бастап барлық бөлім, мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары жиналды. Алдымен Әнұранымызды әуелете шырқаған жарысқа қатысушыларға аудан әкімі Жармағанбет Айтуаров сәттілік тіледі.

Шетпеге кіреберістен басталған 5 шақырымды құрайтын марафон «Еуразия» кәсіпкерлік нысанының алдынан мәреге жетті. Сексенге жуық қатысушылардың арасынан мемлекеттік қызметкер де, оқушылар да табылды. Көпшіліктен оқ бойы озық келген аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Расул Зұлхарнаев бас жүлденің бәйгесін қанжығалады. Екінші болып А.Меңдалыұлы атындағы орта мектептің оқушысы Болатов Дулат, үшінші боп М.Атымов атындағы орта мектептің оқушысы Ордабаев Айдын мәре сызығын кесті.

М. КӘДІРБАЕВ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз