nfc jekpe jek нфс жекпе жек Ералы Абдыров
Сурет сайт архивінен

1 мамыр күні Ақтау қаласындағы «Батыр» спорт кешенінде «NFC-18» халықаралық жекпе-жек өтеді. Маңғыстау облысынан Kudo Mangystau батыры Eraly «Maximus» Abdyrov шығады, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

2015 жылы өз карьерасын бастаған Ералы Абдиров осы уақытқа дейін 9 рет жекпе-жек алаңына шыққан. Соның төртеуі Ералы үшін сәтті болса, қалған бес кездесуінде қарсыласынан жеңілген екен.

Ақтауда NFC-18 халықаралық жекпе-жегі өтеді

Енді Eraly «Maximus» Abdyrov Қырғызстанның «WEEF» промоушені белбеуінің иегерімен жекпе-жек алаңында кездеспек.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарды жарысты тамашалап, спортшыларға жанкүйер болуға шақырып отыр.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА